Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Qazpatent Yessenov University үшін вебинар өткізді

08 қазан, 2024

8 қазан күні сағат 15:00-де Yessenov University қызметкерлері, оқытушылар құрамы мен студенттері үшін «Зияткерлік меншіктің кейбір аспектілері» тақырыбында вебинар өткізілді. Вебинар шеңберінде Патенттік кооперация туралы шартқа (РСТ) сәйкес халықаралық патенттеу және Еуразиялық патенттік Конвенцияға сәйкес өнертабыстарды өңірлік патенттеу мәселелері ашылды.

Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.