Ұлттық зияткерлік меншік институты
17 қыркүйекте Qazpatent Семей медицина университетінің студенттеріне мен қызметкерлеріне «Зияткерлік меншіктің кұқық аспектілері» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинар аясында зияткерлік меншіктің ұғымы мен маңыздылығы, авторлық құқық, өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу, сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік қызметтер мәселелері ашылды.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.