Ұлттық зияткерлік меншік институты
2024 жылғы 4 қазанда Астана қаласында (Қазақстан) Орталық Азияда 2024 жылғы Жаһандық инновациялық индекстің (ЖИИ) есебін жариялаудың бірінші өңірлік рәсімі өтеді.
Іс-шараны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен бірлесіп өткізеді.
Іс-шараға Азия елдерінің инновация министрлері мен патенттік ведомстволарының басшылары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың және мүдделі мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері шақырылды.
Іс-шара аясында қатысушылар өңірдің даму перспективаларын, инновацияларды ынталандырудың жаңа тәсілдерін және экономикалық өсуді жеделдетуге байланысты мәселелерді талқылайтын болады.