Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Qazpatent Заң консультанттарының республикалық алқасы үшін «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбында вебинар өткізді

13 қыркүйек, 2024

13 қыркүйек күні сағат 10:00-дa Qazpatent Заң консультанттарының республикалық алқасы үшін «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинар шеңберінде тауар белгілерін құқықтық қорғау, тауар белгілерін алдын ала сараптау, тауар белгілерін шетелде тіркеу, Мадрид жүйесі, тауарлар шығарылған жерлердің географиялық көрсеткіштері мен атауларын құқықтық қорғау, өнеркәсіптік меншік объектілері мен дараландыру құралдары бойынша мемлекеттік қызметтер, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру мәселелері ашылды.

Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.