Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Qazpatent Заң консультанттарының республикалық алқасы үшін «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбында вебинар өткізді

12 қыркүйек, 2024

12 қыркүйек күні сағат 10:00-дa Qazpatent Заң консультанттарының республикалық алқасы үшін «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинар аясында зияткерлік меншік ұғымы мен маңыздылығы, авторлық құқық және оны Қазақстан Республикасында тіркеуі, өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу, Патенттік кооперация туралы шартқа (PCT) сәйкес өнертабыстарды халықаралық патенттеу, Еуразиялық патенттік конвенцияға сәйкес өнертабыстарды өңірлік патенттеу, Қазақстан Республикасында және Еуразиялық патенттік Конвенция шеңберінде өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғау мәселелері ашылды.

Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.