Назар аударыңыз! Абайлаңыз, алаяқтар!
Құрметті өтінім берушілер!
ҚР ӘМ "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК (Qazpatent) қызметкерлерімен таныстыра отырып, зияткерлік меншікті қорғауға байланысты қызметтерді көрсету немесе басқа да әрекеттерді орындау үшін ақшалай қаражатты талап ететін алаяқтық жағдайлары жиілеп кеткенін хабарлаймыз.
Біз сізді сергек болуға және мұндай алдауға берілмеуге шақырамыз.
Естеріңізге сала кетейік, біздің институттың қызметкерлері қызметтерге тікелей ақы төлеуді талап етпейді және барлық ресми төлемдер тек біздің ресми сайтта көрсетілген мемлекеттік жүйелер мен деректемелер арқылы жүзеге асырылады.
Күдікті әрекеттер болған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу жүгінуді ұсынамыз.
Өзіңізді және құқықтарыңызды қорғаңыз!