Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Qazpatent «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы мен «Цифрлық Қазақстан Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі үшін вебинар өткізді

15 тамыз, 2024

15 тамызда сағат 15:00-де Qazpatent «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының мүшелері мен «Цифрлық Қазақстан Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі үшін «Маркетплейстердегі тауар белгілерін құқықтық қорғау» тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинар аясында тауар белгілерін тіркеу және құқықтық қорғау мәселелері ашылды.

Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.