Ұлттық зияткерлік меншік институты
2024 жылғы 23 тамызда Qazpatent басшылығының «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы» Қорының басшылығымен кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты қол қойылған өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде өнертапқыштық пен патенттеуге жәрдемдесу саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау болды.
«Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы ғылыми және технологиялық жобаларды дамытуға ұмтыла отырып, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелерінде өзінің ҒЗТКЖ бойынша үйлестірушілері мен еншілес ұйымдар мамандарының біліктілігін арттыруға қызығушылық білдірді. Өз кезегінде, Qazpatent патенттеу, зияткерлік меншікті тіркеу және инновациялық жобаларды сүйемелдеу процестерін түсінуді жақсартуға бағытталған бірқатар шараларды ұсынды.
Кездесу аясында келесі негізгі аспектілер талқыланды:
Бұл кездесу Қазақстанда ғылыми зерттеулер мен инновацияларды дамыту үшін жұмыс істейтін ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын растады. Жақын арада тараптар белгіленген жоспарларды іске асыру жөніндегі нақты қадамдарды талқылауды жалғастыруды жоспарлап отыр.
Qazpatent бұл ынтымақтастық Қазақстандағы өнертапқыштық қызметті одан әрі дамытуға және елдің зияткерлік меншік саласындағы халықаралық аренадағы ұстанымын нығайтуға ықпал ететініне сенім білдіреді.