Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Бірінші жартыжылдықта Qazpatent өтінімдерінің саны 34% - ға өсті

06 тамыз, 2024

2024 жылдың І жартыжылдығында отандық кәсіпкерлердің тауар белгілерін тіркеуге берген Ұлттық зияткерлік меншік институтына (Qazpatent) өтінімдер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34% – ға өсті (2024 жылдың І жартыжылдығы – 5607, 2023 жылдың І жартыжылдығы – 4183).

Көбінесе кәсіпкерлер жарнама және бизнесті басқару саласында құқықтық қорғауға жүгінді (ХҚТУ-ның 35-сыныбы). Өңірлер арасында ең көп өтінімдер Алматы қаласынан берілді (Алматы кәсіпкерлерінен барлық өтінімдердің 38%-ы түсті). Одан кейін Астана қаласынан (24%), Алматы облысынан (6%), Шымкент қаласынан (5,4%), Қарағанды облысынан (4%) өтінім берушілер болды.

Әрбір адам жеке брендтің құқықтық қорғалуын ала алады және оның көмегімен өз тауарлары мен қызметтерін жылжыта алады деген түсінік бизнес қауымдастық үшін қол жетімді болуда.

Бірінші жартыжылдықта тауар белгілеріне ең көп өтінімдер жарнама және бизнесті басқару (өтінімдердің 44%), аспаптар, құралдар мен жабдықтар (20,6%), киім мен аяқ киім (18,7%), кофе, шай, жарма, ұн өнімдері және т.б. сияқты егіншілік және орман шаруашылығы өнімдері (13,8%), сондай-ақ үй тауарлары (12,7%) саласынан келіп түсті.