Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Жастарға арналған онлайн хакатон өтті

16 шілде, 2024

2024 жылғы 16 шілдеде қазақстандық жастарға арналған «Зияткерлік меншік туралы хабардарлықты арттыру үшін әлеуметтік желілерде науқандар әзірлеу» тақырыбында онлайн хакатон өткізілді.

Онлайн кездесуге жоғары сынып оқушылары мен мектеп түлектері, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының талапкерлері қатысты.

Іс-шараны зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың маңыздылығына назар аудара отырып, ведомствоның негізгі қызметі туралы айтып, Qazpatent өкілдері алғы сөзімен ашты.

Хакатонның жұмысы барысында жастар зияткерлік меншік туралы білімді насихаттау жолдарын ұсынды, әлеуметтік желілерде хабардарлықты арттырудың ең тиімді әдістері бойынша пікірталастарға қатысты.

Соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, зияткерлік қызмет нәтижелерін қорғау мәселесінің, әсіресе цифрлық технологиялар дәуірінде өзектілігін атап өтті.