Ұлттық зияткерлік меншік институты
24 шілдеде Qazpatent «Бизнес-жаттықтырушылар қауымдастығы» ҚБ-нің мүшелеріне «Зияткерлік меншіктің құқық аспектілері» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинар шеңберінде Қазақстан Республикасында авторлық құқықты тіркеу, Қазақстан Республикасында тауар белгілерін тіркеу, өңірлік брендтерді дамыту және ілгерілету, тауарлар шығарылған жерлердің атауларын мен географиялық нұсқамалардың тіркеу, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру мәселелері ашылды.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.