Ұлттық зияткерлік меншік институты
2024 жылғы 28 маусымда Астанада Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты (Qazpatent) ұйымдастырған Жазғы мектеп өз жұмысын аяқтады.
ДЗМҰ Жазғы мектебі аясында екі апта ішінде Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Молдова Республикасы және Ресей Федерациясының қатысушылары үшін гибридтік форматта қарқынды оқыту өтті.
Жазғы мектептің оқытушылары ДЗМҰ, Еуразиялық патенттік ведомство, Qazpatent сарапшылары, патенттік сенім білдірілген өкілдер, ғалымдар және тәжірибелі заңгерлер болды. Олар қатысушыларды зияткерлік меншік құқығымен толық таныстырды. Іс-шара бағдарламасы 32 тақырыпты қамтыды, оның ішінде Қазақстандағы және шетелдегі патенттеу, халықаралық патенттік ландшафт, тауар белгілерінің домендік аттармен және фирмалық атауларымен қақтығысы, географиялық нұсқамаларді қорғау және басқа да өзекті тақырыптар.
ДЗМҰ Жазғы мектеп аясында қатысушылар патенттік ақпаратты іздеу механизмдерін зерттеді, заманауи коммерциялық деректер базасын (ASPI) талдау құралдарын игерді, орау франшизалары және зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша семинарлар өтті. Өнеркәсіптік үлгілерді, коммерциялық құпияны қорғау, сондай-ақ лицензиялау және технологиялар трансфертіне ерекше назар аударылды.
ДЗМҰ Жазғы мектебінің қатысушылары оқу материалын меңгерумен қатар «Astana Hub»-та болды. Бұл Қазақстанның инновациялық экожүйесін дамытудың қозғаушы күші және технологиялық бизнесті дамыту үшін халықаралық деңгейде танылған хаб болып табылатын Орталық Азиядағы ІТ-стартаптардың ең ірі халықаралық технопаркі.
Жұмыс күндерінің бірінде Жазғы мектебінің қатысушыларына ДЗМҰ Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Maqsut Narikbayev University-мен бірлесіп ұйымдастырған 2024 жылы іске қосылатын «Зияткерлік меншік және кәсіпкерлік құқық» Еуразия кеңістігіндегі зияткерлік меншік құқығы бойынша алғашқы және жалғыз магистратура бағдарламасы ұсынылды.
Жазғы мектептің соңында тауар белгілері бойынша нақты кейстерді қарастыратын практикум, сондай-ақ қатысушылардың орындалған үй тапсырмасы бойынша өз позицияларын таныстыруы өтті, онда өткен оқытудың жоғары нәтижелері көрсетілді және үш тақырып бойынша қорытынды топтық жұмыстар ұсынылды (авторлық құқық, өнеркәсіптік меншік объектілерін коммерцияландыру, өнертабыстар).
Жазғы мектептің қорытындысы бойынша қатысушылар ДЗМҰ Академиясының сертификатына ие болды.
Анықтама үшін: ДЗМҰ Жазғы мектебі Астанада 2024 жылғы 18 маусым мен 28 маусым аралығында өтті. Жалпы, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы биыл он жеті елде осындай Жазғы мектептер ұйымдастырды, оның ішінде АҚШ, Испания, Корея, Қытай, Сингапур, Ұлыбритания, Швейцария. Қазақстанда өтіп жатқан Жазғы мектеп Орталық Азиядағы мұндай форматтағы жалғыз жоба.