Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide
slide
slide

Qazpatent сарапшылары көшпелі оқыту іс-шараларын өткізді

26 маусым, 2024

2024 жылы 25 маусымда Жамбыл обл., 26 маусымда Шымкент қаласы тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауарлар шығарылған жерлердің атауларын сараптау басқарма басшысының орынбасары Лаура Айтымбетова және тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауарлар шығарылған жерлердің атаулары және өнеркәсіптік үлгілер департаментінің бас сарапшысы Динара Жапабаева аумақтық әділет органдары және Атамекен ҰКП бірлесіп, жергілікті кәсіпкерлер үшін оқыту іс-шараларын өткізді. Аталған шара барысында QAZPATENT ұйымының жетекші сарапшылары қатысушыларға тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды тіркеу, өнеркәсіптік үлгілер мен бизнесті жосықсыз бәсекелестерден қорғау тәсілдері туралы өзекті ақпаратты ұсынды. Сондай-ақ қатысушыларға өтінім беру және жеке кабинетте жұмыс істеуде практикалық көмек көрсетілді.