Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Qazpatent сарапшылары көшпелі оқыту іс-шараларын өткізді

13 маусым, 2024

2024 жылы 11 маусымда Алматы қаласы, 12 маусымда Алматы және 13 маусымда Жетісу облыстарында тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауарлар шығарылған жерлердің атауларын сараптау Басқармасының басшысы Тайшева Алтынай Мухаметкалиевна және тауар белгілерін алдын-ала сараптау Басқармасының бас сарапшысы Куттыбаева Айтолкын Азретовна аумақтық әділет органдары және Атамекен ҰКП бірлесіп, жергілікті кәсіпкерлер үшін оқыту іс-шараларын өткізді. Аталған шара барысында QAZPATENT ұйымының жетекші сарапшылары қатысушыларға тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды тіркеу, өнеркәсіптік үлгілер мен бизнесті жосықсыз бәсекелестерден қорғау тәсілдері туралы өзекті ақпаратты ұсынды. Сондай-ақ қатысушыларға өтінім беру және жеке кабинетте жұмыс істеуде практикалық көмек көрсетілді.