Ұлттық зияткерлік меншік институты
Бүгін Qazpatent-те Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Күнсұлу Дальтонқызы Закария кездесуде болды. Qazpatent директоры Ербол Оспанов ағымдағы жобалар мен бастамаларға ерекше назар аудара отырып, ведомствоның қызметімен етене таныстырды.
Кездесу барысында инновациялар саласындағы негізгі мәселелер, соның ішінде Қазақстанның Жаһандық инновациялық индекстегі рейтингін арттыру стратегиялары талқыланды. Ербол Оспанов инновациялық жобаларды табысты іске асыру үшін ведомствоаралық ынтымақтастық пен мемлекеттік қолдаудың маңыздылығына тоқталып өтті.
Күнсұлу Далтонқызы Qazpatent жетістіктерін жоғары бағалап және Қазақстанның тұрақты дамуына және оның ғылым мен технология саласында халықаралық танылуына ықпал ететін инновациялық бастамаларды ілгерілету бойынша белсенді жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.