Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Qazpatent Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы үшін вебинар өткізді

12 маусым, 2024

12 маусымда Qazpatent Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының профессор-оқытушылар құрамына «Зияткерлік меншіктің кұқық аспектілері» тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинар шеңберінде авторлық құқықты тіркеу, Еуразиялық патенттік конвенцияға сәйкес өнертабыстарды өңірлік патенттеу, зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру, сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы заңнамадағы инновациялар мәселелері ашылды.

Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.