Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

2024 жылғы 22 мамырда Qazpatent өкілдері Түркі Франчайзинг қауымдастықтарының халықаралық съезіне қатысты

22 мамыр, 2024

2024 жылғы 22 мамырда Астана қаласында "Түркі Франчайзинг қауымдастықтарының халықаралық съезі: түркі кеңістігінде франчайзингті дамыту перспективалары мен мүмкіндіктері"тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Дөңгелек үстелде бизнес-салаларды одан әрі дамыту, кеңейту және Орталық Азиядағы франчайзингтік индустрияны дамыту саласындағы өзара іс-қимыл үшін қолайлы атмосфера құру үшін кең перспективалар мен мүмкіндіктер талқыланды. Іс-шараға Qazpatent директорының орынбасары Артыкова Айдын, мемлекеттік тізілімдер, Жарияланымдар және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарға билік ету туралы шарттарды тіркеу департаментінің өкілдері, сондай-ақ ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары қатысты.

Дөңгелек үстел аясында ОААФ төрағасы, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан франчайзинг қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ miora Group, biz Franchise холдингінің негізін қалаушы, "Kazfranch" қазақстандық франчайзинг қауымдастығының төрағасы сөз сөйледі.

Меморандумға қол қою өңірдегі экономикалық өсу мен франчайзингтің дамуын ынталандыра отырып, қатысушылар арасында серіктестік байланыстар мен тәжірибе алмасудың катализаторы болды.