Ұлттық зияткерлік меншік институты
22 мамырда Qazpatent Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина Университетінің профессор-оқытушылар құрамыныа «Зияткерлік меншіктің құқық аспектілері» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинар аясында авторлық құқық және оны Қазақстан Республикасында тіркеу, өнертабыстардың халықаралық, өңірлік және ұлттық патенттеу, зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру, зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік қызметтер, сондай-ақ зияткерлік меншікті қорғау мәселелері ашылды.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.