Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Qazpatent М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті үшін вебинар өткізді

21 мамыр, 2024

21 мамырда Qazpatent М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің профессор-оқытушылар құрамына арналған «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбына вебинар өткізді.

Вебинар аясында авторлық құқықты тіркеу, өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру мәселелері ашылды.

Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.