Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Qazpatent Астана медицина университетiне арналған вебинар өткізді

20 мамыр, 2024

20 мамырда Qazpatent Астана медицина университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен докторанттары үшін «Өнертабыстарды халықаралық патенттеу» тақырыбына вебинар өткізді.

Вебинар шеңберінде Патенттік кооперация туралы шартқа (PCT) сәйкес өнертабыстарды халықаралық патенттеу және Еуразиялық патенттік конвенцияға сәйкес өнертабыстарды өңірлік патенттеу мәселелері қаралды.

Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.