Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Qazpatent Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті үшін вебинар өткізді

29 сәуір, 2024

29 сәуірде сағат 15:00-де Qazpatent Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистранттарына, докторанттарына және профессор-оқытушылар құрамына арналған «Зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру» тақырыбына вебинар өткізді.
Вебинар аясында шарттарды тіркеу мәселелері, сондай-ақ зияткерлік меншікті коммерцияландыру ерекшеліктері ашылды.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.