Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide

«Qazpatent» қызметкерлері «Almaty Half Marathon» 2024 қатысты

21 сәуір, 2024

2024 жылы сәуірдің 21-і күні Алматы қаласында жыл сайынғы жүгіру бойынша жетінші рет Almaty Half Marathon өтті. Биыл «Almaty Half Marathon» 2024  марафоны 21 км 97,5 м, 10 км қашықтықтарда болды.

«Almaty Half Marathon» 2024 марафонына 30-дан аса мемлекеттен 8000 адам қатысқан. «Qazpatent» қызметкерлері де қалыс қалмай дайындалып, жаттығып жүлделі оралды. Оның ішінде:

- Өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды іске асыру туралы шарттарды тіркеу басқармасы басшысы - Жакупов Азамат;

- Халықаралық тауар таңбаларын сараптау басқармасы басшысы - Әкежан Амангельдин;

- Химия, биология және медицина саласындағы патенттік сараптама басқармасының бас сарапшылары - Дамир Темирғалиев, Қарлығаш Мамырбекова, Сәбина Қапашова;

- Физика және машина жасау саласындағы патенттік сараптама басқармасының бас сарапшылары - Замира Срайыл, Ботагөз Омарова;

- Өнертабыстар және селекциялық жетістіктерді формалды сараптау басқармасының аға эксперті - Ләззат Тутешева, сарапшы Арайлым Елтаева;

«Qazpatent» қызметкерлері жоғары нәтиже көрсетіп уақытылы мәре сызығын өтіп ұйымдастыршылардан медальдар мен алғыс хаттармен марапатталды.