Ұлттық зияткерлік меншік институты
22 сәуірде сағат 10:00-де Qazpatent Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің профессор-оқытушылар құрамына «Зияткерлік меншік объектілерін қорғау» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинар аясында зияткерлік меншік ұғымы мен маңыздылығы, авторлық құқық және оны Қазақстан Республикасында тіркеуі, өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу, өнеркәсіптік үлгілерінің, географиялық нұсқамаларының және тауарлар шығарылған жерлердің атауларының құқықтық қорғауы, зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру, сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік қызметтер мәселелері ашылды.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.