Ұлттық зияткерлік меншік институты
2024 жылдың 19 сәуірінде "Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті" КЕАҚ базасында өңірдегі алғашқы технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығының (ТИҚО) салтанатты ашылуы өтті, оған ректор Кәрімова Бейбіткүл, Әділет департаментінің басшысы Бәкішева Ирина, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Сыздықов Пірмұхаммед және онлайн қосылу арқылы Qazpatent директорының орынбасары Артықова Айдын және Өнертабыстар, пайдалы үлгілері мен селекциялық жетістіктер департаментінің басшысы Батырбекова Алтынай қатысты. Бұл маңызды қадам Қызылорда өңірінде инновациялық орта мен технологиялық кәсіпкерлікті дамытудағы жаңа дәуірдің басталуын белгілейді.
"Қызылорда облысында технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығының ашылуы - бұл біздің өңір үшін ғана емес, бүкіл ел үшін маңызды оқиға", - деп атап өтті Университет ректоры. "Біз инновациялар мен технологияларды дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға тырысамыз және ғалымдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің бірлескен күш-жігері бізге осы мақсатқа жетуге көмектесетініне сенімдіміз".
ТИҚО ашу аясында "Технологиялар мен инновацияларды дамыту мүмкіндіктері" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді, оған Qazpatent өкілдері, "Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті" КЕАҚ профессорлық-оқытушылық құрамы, сондай-ақ өңірдің инновациялық қызмет субъектілерінің өкілдері қатысты. Өңірдегі ТИҚО даму перспективалары, зияткерлік меншік объектілерінің құқықтық қорғауы мен басқарудың өзекті мәселелері, сондай-ақ инновациялық белсенділікті ынталандыру және бәсекеге қабілетті экономика құру үшін ынтымақтастық жолдары талқыланды.
Атап айтқанда, ТИҚО патенттік зерттеулер және үйлестіру бөлімінің басшысы Бақтыбаева Назифа өңірдің және тұтастай алғанда елдің инновациялық әлеуетін ашудағы ТИҚО рөлі туралы айтып берді, Тауар белгілерін, тауарлар шығарылған жерлердің атауларын және географиялық нұсқамаларды сараптау басқармасының бас сарапшысы Ильясова Арайлым географиялық нұсқамаларды құқықтық қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Қызылорда облысындағы ТИҚО құқықтық аспектілерде ауқымды қолдауды қамтамасыз етеді және өңірдегі инновациялық және өнертапқыштық қызметтің тұрақты өсуіне жағдай жасайды. Өнертапқыштар, кәсіпкерлер және инноваторлар зияткерлік меншік объектілерін сәтті рәсімдеу және ілгерілету үшін қажетті сараптамалық білімге, кеңестерге және инфрақұрылымға қол жеткізе алады.