Ұлттық зияткерлік меншік институты
18 сәуірде Qazpatent әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің профессор-оқытушылар құрамына «Зияткерлік меншіктің құқық аспектілері» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинар аясында зияткерлік меншік ұғымы мен маңыздылығы мәселелері, авторлық құқық және оны Қазақстан Республикасында тіркеуі, сондай-ақ өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу тақырыбы ашылды.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.