Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Qazpatent С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті үшін вебинар өткізді

17 сәуір, 2024

17 сәуірде сағат 15:00-де Qazpatent С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенттеріне, қызметкерлеріне және профессор-оқытушылар құрамы үшін «Зияткерлік меншіктің кейбір аспектілері» тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинар аясында өз туындысына авторлық құқықты тіркеу, өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу, зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру және зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік қызметтер мәселелері ашылды.        
                                                                            
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.