Ұлттық зияткерлік меншік институты
16 сәуірде Qazpatent Astana IT University студенттеріне, қызметкерлеріне және профессор-оқытушылар құрамына арналған «Өнертабыстар мен пайдалы модельдерді құқықтық қорғау» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинар аясында өнертабыстар мен пайдалы модельдерді ұлттық патенттеу, сондай-ақ Патенттік кооперация туралы шартқа (PCT) сәйкес өнертабыстарды халықаралық патенттеу мәселелері ашылды.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.