Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Qazpatent Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне арналған вебинар өткізді.

09 сәуір, 2024

9 сәуірде Qazpatent Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамына үшін вебинар өткізді.

Вебинар аясында зияткерлік меншік ұғымы мен маңыздылығы, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мәселелері ашылды.

Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.