Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide

Жемқорлық – індет, онымен күресу - міндет

04 сәуір, 2024

«QAZPATENT» қызметкерлері комплаенс офицер - әдеп жөніндегі инспектор Байтасова Индира және «IPR» орталығының аға сарапшысы Аронов Аңсаған Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің студенттерімен кездесті.

Кездесудің мақсаты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің  2024  жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруда жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Жемқорлық – індет, онымен күресу - міндет» қағидатын санаға сіңіре отырып, бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұмылдыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы болып табылады.

«Елімізде квазимемлекеттік секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметін енгізу белсенді жүріп жатыр. Аталған қызметтің мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өткізіп, оның алдын алу бойынша мониторинг жүргізу, талдау жасау, одан бөлек, комплаенс-қызметі әдеп кодексінің бұзылуы мен сыбайлас жемқорлық әрекетіне жол бермеумен күреседі» - деп атап өтті «QAZPATENT» қызметкерлері комплаенс офицер  - әдеп жөніндегі инспектор Байтасова Индира.

Сондай-ақ жоғары оқу орындарының студенттеріне қызықты «Контрафактпен күресті құқықтық реттеу» тақырыпта «IPR» орталығының аға сарапшысы Аронов Аңсаған контрафакттің түсінігі, белгілері, заңнама бойынша жауапкершілік шарттары, және шетел тәжірибесін қарастырып, қазіргі уақытта контрафактілік өнімдерге қатысты орын алып отырған өзекті мәселелерді талдап баяндап берді.