Qazpatent KazakhExport АҚ, «QazTrade» АҚ, «QazIndustry» АҚ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қолдауымен кәсіпкерлерді тегін онлайн-семинарға шақырады. Бағдарлама мемлекеттік қолдау шаралары аясында жүзеге асып отыр.
Семинар бағдарламасы:
- ҚР кәсіпкерлері үшін қарастырылған өзекті қаржыландыру бағдарламалары
- Кепіл тапшылығы кезінде не істеу керек?
- Экспорттық келісімшарт алдындағы қауіп-қатерді қалай азайтуға болады?
- Шетелдік сатып алушыны қалай табуға болады?
- Өндірістік шығындарды жартылай өтеу мүмкіндіктері
- Тауар белгісін қалай тіркеуге болады?
- Тегін консультацияны қайдан алуға болады және т.б. сұрақтар.
Семинарға қатысу тегін. Оқуға тек тіркелген қатысушылар ғана қатыса алады. Мына сілтеме арқылы тіркеле аласыздар:
Семинар кестесі (Астана уақыты бойынша сағат 11:00-де):
- 27 ақпан – Астана қаласы;
- 5 наурыз – Алматы қаласы және Алматы облысы;
- 12 наурыз – Шымкент қаласы;
- 19 наурыз – Ақмола облысы;
- 9 сәуір – Атырау облысы;
- 16 сәуір – Ақтөбе облысы;
- 23 сәуір – Шығыс Қазақстан облысы;
- 14 мамыр – Жамбыл облысы;
- 21 мамыр – Батыс Қазақстан облысы;
- 28 мамыр – Қарағанды облысы;
- 4 маусым – Қостанай облысы;
- 11 маусым – Қызылорда облысы;
- 18 маусым – Маңғыстау облысы;
- 30 шілде – Павлодар облысы;
- 6 тамыз – Солтүстік Қазақстан облысы;
- 13 тамыз – Түркістан облысы;
- 20 тамыз – Абай ауданы;
- 10 қыркүйек – Жетісу облысы;
- 17 қыркүйек – Ұлытау облысы.
Семинар бағдарламасы аймаққа байланысты екенін ескертеміз, кәсіпорынның орналасқан жеріне сәйкес семинар аймағын таңдауды ұсынамыз.
Оқыту сілтемесі (ZOOM) тіркелген қатысушыларға семинардан бір күн бұрын e-mail және жеке нөміріне (WhatsApp) жіберіледі.
Семинарға байланысты сұрақтар бойынша Qazpatent IPR Center маманы Магай Мисон Николаевнаға хабарласуға болады. Байланыс нөмірі: + 7 717 262 15 19.