Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Qazpatent Ө. Успанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтына арналған вебинар өткізді

06 наурыз, 2024

6 наурыз күні Qazpatent Ө. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану жəне агрохимия ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері үшін «Зияткерлік меншікті құқықтық қорғау» тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинар шеңберінде Қазақстандағы және әлемдегі авторлық құқық, өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу, Патенттік кооперация туралы шартқа (РСТ) сәйкес өнертабыстарды халықаралық патенттеу мәселелері, сондай-ақ Еуразиялық патенттік Конвенцияға сәйкес өнертабыстарды өңірлік патенттеу мәселелері талқыланды.

Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.