Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Qazpatent Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы үшін вебинар өткізді

01 наурыз, 2024

2024 жылдың 1 наурызында Qazpatent Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинар шеңберінде Қазақстан Республикасының және әлемдегі авторлық құқық мәселелері, сондай-ақ өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғау ерекшеліктері талқыланды.

Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.