Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Qazpatent Астана медицина университеті үшін вебинар өткізді

19 ақпан, 2024

2024 жылдың 19 ақпанында Астана медицина университетінің профессор-оқытушылар құрамы үшін «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинар шеңберінде Қазақстан Республикасында өз туындысына авторлық құқықты тіркеу мәселелері, сондай-ақ өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу ерекшеліктері талқыланды.

Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.