Оқиғалар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide
slide

Мінсіз этика және адалдық принциптері

13 ақпан, 2024

2024 жылы 13 ақпанда «Qazpatent» қызметкерлер үшін этикалық нормаларды сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар болып өтті. Семинарға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп құқық бұзушылықтың профилактикасы басқармасының басшысы Аманжол Жансейітұлы Каженбаев, Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкіл Алма Саинқызы Сыдыкова, ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК директордың орынбасары Айша Бапынқызы Жұмабекова және ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК комплаенс-офицер – әдеп жөніндегі инспектор Индира Әлиқызы Байтасова қатысты. 

Семинардың мақсаты – қызметкердің оң имиджін көтеру үшін квазимемлекеттік сектордағы этика туралы жан-жақты білімді дамыту.

Семинар нақты ситуациялық мәселелер мен кейстерді шешу, «миға шабуыл» арқылы мәселелерді шешу бойынша интерактивті пікірталас түрінде өтті. Тыңдаушылар әріптестерімен белгілі бір мәселелерді шешудегі жұмыс тәжірибесімен белсенді түрде бөлісті.