Ұлттық зияткерлік меншік институты
ДЗМҰ 2024 жылғы Халықаралық зияткерлік меншік күні шеңберінде жастарға арналған бейнеконкурс ұйымдастырады
Байқауды Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) Халықаралық зияткерлік меншік күні 2024 шеңберінде өткізеді. Конкурсқа қатысуға тілек білдірген адамдар (18 жастан 34 жасқа дейін) шақырылады.
Сіз 5000 Швейцариялық франк бас жүлдесін, сондай-ақ басқа марапаттарды жеңіп алу мүмкіндігіне ие бола аласыз.
Байқау тақырыбы:
"IP арқылы біз жақсы болашақты елестете аламыз, идеяларымызды шындыққа айналдыра аламыз және әркім жетістікке жететін әлем жасай аламыз".
Қатысу шарттары:
Инновация, шығармашылық және зияткерлік меншік құқықтары (IP) арқылы барлығына жақсы болашақ құруға ұмтылатын жергілікті өнертапқышқа, авторға, кәсіпкерге немесе қауымдастыққа арналған 60-90 секундтық шығармашылық бейне жасаңыз.
Қатысуға өтінім беру мерзімі: 2024 жылғы 8 қаңтардан 10 наурызға дейін.
Толығырақ ақпарат алу үшін