Ұлттық зияткерлік меншік институты
2024 жылдың 12 ақпанында Qazpatent Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің магистранттары, докторанттары мен оқытушыларына «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбына арналған вебинар өткізді.
Вебинар аясында Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік саясат пен заңнама, сондай-ақ өнеркәсіптік меншік объектілеріне қатысты мемлекеттік қызметтер мәселелері талқыланды.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.