Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Qazpatent Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен Атырау облысының Әділет департаменті ұйымдастырған семинарға қатысты

06 ақпан, 2024

2024 жылғы 6 ақпанда Qazpatent Атырау облысы Әкімдігінің қызметкерлеріне, Атырау облысы Әділет департаментінің қызметкерлеріне және Атырау облысының шалғайдағы ауылдарының кәсіпкерлеріне арналған «Зияткерлік меншікті қорғаудың құқықтық аспектілері» тақырыбындағы семинарға қатысты.

Семинар аясында Qazpatent сарапшылары селекциялық жетістіктерді патенттеу мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы географиялық нұсқамаларын және тауарлар шығарылған жерлердің атауларын құқықтық қорғау мәселелерін ашты.