Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Qazpatent «AML Academy» Қаржы мониторингі академиясына семинар өткізді

24 қаңтар, 2024

2024 жылғы 24 қаңтарда Qazpatent «Қазақстандағы және әлемдегі авторлық құқық. Өз еңбегіңе авторлық құқықты тіркеу» тақырыбында «AML Academy» Қаржы мониторингі академиясының қызметкерлері үшін семинар өткізді.
Семинар аясында авторлық құқықты қорғау және өз туындысына авторлық құқықты тіркеу мәселелері талқыланды.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.