Анонстар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

2024 жылғы ДЗМҰ-ның жаһандық марапаттау бағдарламасына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау ашылды

15 қаңтар, 2024

АЖ саласындағы ең беделді сыйлыққа қатысу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен ШОБ және стартаптар шақырылады.

Сыйлық шеңберінде мынадай салалардағы  шағын кәсіпорындардың ерекше жетістіктері атап өтіледі:

- АЖ активтерінен пайда алу;

- бизнестің өсуі үшін АЖ пайдалану;

- ТДМ-ға қол жеткізу үшін коммерциялық шешімдер жасау.

Жеңімпаздарға:

- халықаралық ілгерілеу, танымалдық және атақ;

- Женеваға ДЗМҰ жаһандық сыйлықтары бағдарламасының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне және іскерлік байланыстарды жолға қою жөніндегі басқа да іс-шараларға қатысу үшін сапар;

- АЖ коммерцияландыруды кеңейту және бизнесті өсіру үшін жеке тәлімгерлік бағдарламасына қатысу;

- қаржыландыруға қол жеткізу және іскер серіктестерді іздеу ісінде қолдау көрсетіледі.

2024 жылғы ДЗМҰ жаһандық сыйлықтар бағдарламасын өткізу мерзімдері

Өтінімдерді қабылдау: 15 Қаңтар - 31 наурыз. Онлайн өтініш формасы бірнеше тілде қол жетімді. (https://global-awards.wipo.int/ )