Ұлттық зияткерлік меншік институты
2024 жылғы 15 қаңтарда Павлодар техникалық-экономикалық колледжінің және басқа да колледждердің профессор-оқытушылар құрамына және «Білім беру анимациялық бейне контентін құру негіздері» курсының түлектеріне «Зияткерлік меншікті қорғаудың құқықтық аспектілері» тақырыбында вебинар өтті.
Вебинар аясында өз туындыларына авторлық құқықты тіркеу, зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру және Мадрид жүйесі бойынша тауар белгілерін тіркеу мәселелері талқыланды.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.