Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide

Qazpatent Назарбаев Зияткерлік IB мектебіне семинар өткізді

11 қаңтар, 2024

2024 жылғы 11 қаңтарында Назарбаев Зияткерлік IB мектебінің оқушылары мен оқытушыларына арналған «Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншікті қорғау» тақырыбында семинар өтті.
Семинар аясында авторлық құқықты қорғау және өз туындыларына авторлық құқықты тіркеу, IT шешімдерді патенттеу және зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру мәселелері талқыланды.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.