Ұлттық зияткерлік меншік институты
«Qazpatent» қабырғасында Тәуелсіздік күніне орай «Арнау…» атты пікір алаңы өткізілді. 1991 жылғы 16 желтоқсан – төл тарихымыздағы мерейлі белес. Бұл – егемен ел болуды аңсаған ата-баба арманы ақиқатқа айналған ұлы күн.
Тәуелсіздік күнінің айрықша мән-мағынасы бар. Азаттық үшін арпалысқан ұлт перзенттерін ел жадында мәңгі сақтау – қасиетті парызымыз. Олардың отаншылдық қасиеті – бүгінгі және болашақ ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге.
Біз тамыры терең мемлекеттігіміздің маңызды белестерін ұлықтап, ұлтты ұйыстыратын ортақ құндылықтарды нығайта береміз. Сол арқылы қастерлі Тәуелсіздігіміздің тұғырын биіктете түсеміз.
Тәуелсіздік – баға жетпес байлық. Бәріміз оны көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Мемлекетіміздің егемендігін, еліміздің амандығы мен жеріміздің тұтастығын қорғау – әр азаматтың қастерлі борышы.
Іс-шараның мақсаты мен міндетін комплаенс-офицер және әдеп жөніндегі уәкіл Индира Байтасова атап өтті: «Қазақстан Республикасы Конституциясында белгіленген азаматтық, төзімділік, құқықтары мен бостандықтарына сақтауға, Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қызығушылықты қалыптастыру, шығармашылық және коммуникациялық қабілеттерін, ұжымшылдық сезімін дамыту».