Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті үшін вебинар өтті

08 желтоқсан, 2023

7 желтоқсанда Qazpatent Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті үшін «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинар шеңберінде Қазақстан Республикасында авторлық құқықты тіркеу, тауар белгісін географиялық көрсеткіштер мен тауарлар шығарылған жерлердің атауларын құқықтық қорғау мәселелері талқыланды.

Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.