Ұлттық зияткерлік меншік институты
24 қарашада Qazpatent Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының фтизиатр дәрігерлеріне арналған «Зияткерлік меншіктің құқықтық аспектілері» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинар аясында Зияткерлік меншік ұғымы мен маңыздылығы, Қазақстандағы және әлемдегі авторлық құқық, зияткерлік меншікті қорғау және өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу мәселелері талқыланды.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.