Ұлттық зияткерлік меншік институты
14 қарашада Qazpatent Самұрық-Қазына Өңдеу қызметкерлері, жобаларды орындаушылар және ЖОО ғалымдары үшін «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинар аясында авторлық құқықты тіркеу, зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру және өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу мәселелері талқыланды.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.