Ұлттық зияткерлік меншік институты
9 қарашада Qazpatent Астана медицина университетінің магистранттары үшін «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинар аясында Қазақстандағы және әлемдегі авторлық құқық, өз туындыларына авторлық құқықты тіркеу, сондай-ақ өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу мәселелері талқыланды.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.