Ұлттық зияткерлік меншік институты
8 қарашада Qazpatent Павлодар техникалық-экономикалық колледжінің және басқа колледждердің профессор-оқытушылар құрамына, «Білім беру анимациялық бейне контентін құру негіздері» курсының түлектеріне арналған «Зияткерлік меншіктің құқықтық аспектілері» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинар аясында авторлық құқықты тіркеу, зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру және зияткерлік меншікті қорғау мәселелері талқыланды.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.