Оқиғалар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide
slide

ХЖТИЖ КЕАҚ өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті

01 қараша, 2023

2023 жылғы 1 қарашада Qazpatent директоры Ербол Оспановтың төрағалығымен Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының (ХЖТИЖ) өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында Қазақстандағы зияткерлік меншікті құқықтық қорғау саласындағы мәселелер қаралды.

ХЖТИЖ өкілдері төрағаның орынбасары Дидар Кәрімсақов пен Жасыл технологиялар департаментінің директоры Азат Кадрашитов елдегі жасыл экономиканы нығайтуға бағытталған ағымдағы міндеттер мен қабылданған тұрақты шешімдердің перспективалары туралы айтып берді.

Кездесу қорытындысы бойынша жасыл технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамытуға бағытталған бірлескен іс-шараларды, жобалар мен бағдарламаларды өткізу арқылы Qazpatent пен ХЖТИЖ арасындағы ынтымақтастықты нығайту туралы уағдаластық белгіленді.

2018 жылы ХЖТИЖ меморандумға қол қойылды.