Ұлттық зияткерлік меншік институты
26 қазанда Qazpatent Астана медицина университетінің докторанттары үшін «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинар аясында Қазақстанда және әлемде авторлық құқық және өз туындыларына авторлық құқықты тіркеу мәселелері, сондай-ақ өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу мәселелері талқыланды.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.