Ұлттық зияткерлік меншік институты
Бүгін Qazpatent-те "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығының өкілдерімен және Super ATA 2023 байқауының жеңімпазы Алексей Михайлович Ли жылы және достық кездесу өтті. Байқау Қарттар күніне арналып, ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде Е. Рахмадиев атындағы филармонияда Валентина Борисовна Толмачеваның бастамасымен өтті
Алексей Михайлович Ли және оның жұбайы барлығын өздерінің таланттарымен таң қалдырды және мемлекеттік тілде бірнеше ән орындады. "Шарапат" орталығының өкілдері Qazpatent басшылығы мен ұжымына конкурсты ұйымдастыруға көмектескені үшін алғыс білдіріп, әлеуметтік қолдау саласындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.